Әділбек Жақсыбеков ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды
2018 ж. 10 қыркүйек
3190
0

Мемлекет басшысының Жарлығымен: Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбеков зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Бағдат Құлтайұлы Әміреев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.