Ресей думасы Путинге көрші мемлекеттерге қарсы соғыс ашу құзырын берді - саясаттанушы
2018 ж. 17 тамыз
10364
1
Ресей Парламенті РФ Президентіне көрші мемлекеттеріне қарсы соғыс ашу құзырын берді. Экспеттердің айтуынша, Ресей Украинаға әскер кіргізбек.
Ресей бұрын Шығыс Украинаға, Сирияға, Орталық Африкалық республикасына бейресми ерікті әскер (мәселен, олар ЧВК Вагнера,ЧВК Патриот деп аталды) кіргізген еді. Жаңа заң Путинге Украинаға, не басқа мемлекеттерге ашық түрде интервенция жасауға мүмкіндік береді. НАТО Украина жағында Ресейге қарсы әзірше ашық соғыс бастай алмайды. Сонымен бірге Европалық Одақ пен НАТО мемлекеттері Украинаға әскери және экономикалық көмек көрсетіп келеді. Сол сияқты Ресей танктеріне қарсы жойқын қару -"Джевелин", артиллериялық қарулар беріп келеді, оған қоса әскери технологияларды бірге дайындап жатыр.
Егерде Ресейдің Украинаға қарсы гибридтік соғысы ашық соғысқа айналса, Батыс елдері НАТОның жеке елдері ресми және бейресми түрде әсери инструктарларды, қаруды көбірек жібереді. Ресеймен төрт жыл гибридтік соғысқа қатысқан Украина экономикасы аяққа тұрды (соңғы екі жылда 20% экономикалық өсім беріп келеді).
Ал Ресей он жылдық экономикалық стагнациядан шыға алмай, соңғы төрт жыл бойы жұртшылықтың тұрмысы жүдеп келеді. Ресейдің Сириядағы, Орталық Африка республикасындағы гибридтік әскери операциялары орыс адамдарының шығындарына әкеліп жатыр. Бірақ қара ормандай орыс халқына ол маса шаққандай емес сияқты. Сонымен гибридтік соғыстан жалыққан Ресей нақты соғысты бастамақ. Біз де Ресеймен ОДКБ-әскери бірлестіктеміз, бірақ біз Ресейдің авантюраларынан аулақпыз. Осы тұста Назарбаевтың диполоматиялық еңбегін атаған жөн. Құдай Қазақстанды соғыс апатынан сақтасын.
Әзімбай Ғали, Қазақ үні