"Бұл ақырзаман болады..." - танымал экономист Қазақстанды өлтіретін қауіп туралы айтты
2018 ж. 15 тамыз
7588
1
Қазақстандағы танымал кәсіпкерлердің бірі, экономист Айдан Кәрібжанов өзінің парақшасында санкциялардың елімізге әсері туралы жазды, - деп хабарлайды kaz.365info.kz.
Сонымен оны тыңдап көрсек:
«Санкциялардың Қазақстанға әсері? Нағыз doom scenario (өлім сценарийі).
Рубльдің теңгені өзімен бірге төменге тартып, «санкциялық» құлдырауы әрине, жаман да жайсыз нәрсе. Бірақ одан өле қоймаймыз.
- Қазақстанды өлтіретін басқа қауіп бар.
Ол – Ресейдің энергетикалық секторына қарсы терең санкциялар. Онда да бұрғылау технологиялары мен полярлық кеніштерге тиіссе де түк емес. Ең жаманы, Ресейден мұнай тасуға шектеу енгізгені. Бірден айтайын, баспасөзде әзірге мұндай мәселе қозғалған емес.
Қазақстан жылына шамамен 70 млн тонна мұнай экспорттайды, бұл өндіретін бар мұнайымыздың 80%-інен астамы. Оның 12 млн тоннасы «Қазақстан-Қытай мұнай құбырымен» Қытайға кетеді. Тағы 5 млн тоннаға жетер-жетпесі танкерлермен Бакуге барып, Баку-Тбилиси-Жейхан құбырына құйылады. Қалған мұнай түгелдей Ресей территориясымен жүреді. Аздаған бөлігі ескі советтік жолмен «Дружба» мұнай құбырымен Шығыс Еуропаға, ал ең үлкен және ең маңызды бөлігі, Теңіздің, Қарашығанақ пен Қашаған мұнайы КТК мұнай құбырымен ресейлік черноморлық Новороссийск портына жеткізіледі. Сол жерден танкерлермен ары қарай кетеді, басым бөлігі Босфор мен Дарданелла арқылы Батыс Еуропаға жеткізіледі.
Ал енді егер де сол Новороссийскпен, Босформен де дей беріңіз, бірдеңе бола қалса,
оның салдары қандай болатынын мен айтпай-ақ қояйын, сіздер білмей-ақ қойыңыздар. Бұл ақырзаман болады біздер үшін.
Сол табыстан айырылсақ, оның орнын ештеңемен толтыра алмаймыз, бұл біздің дәл бүгінгі экономикамыз үшін «өмір сүруге мұрша бермейтін жарақат» болады.
Бір көрімі, КТК-да, Тенізшевройл мен Қашағанда да америкалық акционерлер бар. Олар өздеріне қарсы «оқ атпауы» да мүмкін. Құдай сақтасын одан»,
– деп жазады Айдан Кәрібжанов.