Николай Пашинян екі айда қандай жұмыс атқарды
2018 ж. 14 шілде
2244
0
Николай Пашинян Арменияның премьер-министрі болғалы бері 2 ай өтіпті. Осы уақыттың ішінде ол не бітірді екен, енді соған көз жүгіртіп көрелікші....
1. Билік партиясының функционері (орындаушысы), Ереванның мэрі Тарон Маргарянды 2 ай бойы айқасып жүріп қызметінен кетірді.
2. Армениядағы қоғамдық телеарнаның басшылығы мен продюсерлерін түгел жұмыстан қуып, аудит жасады да, әлгілерге қылмыстық іс қозғады.
3. «Газпромның адамы» деген атқа ие болған бұрынғы премьер-министр Карен Карапетянмен күресті бастап, ақыр соңына оны Ресейге кетуге мәжбүрледі.
4. Үкіметті бұрынғы командадан тазартып, мэрлар мен өңірдегі жемқор губернаторлардың бәрін жұмыстан шығарып жіберді.
5. Билік партиясымен байланысқан үлкен супермаркеттердің желісін басқаратын олигархтарға байкот жариялап, табардың бағаны арзандатуға көндірді.
6. 30 шақты қылмыс әлемінің авторитеттері мен «ворларының» үйіне тінту жүргізіп, көбін шетелге (Ресейге) кетуге мәжбүрледі.
7. Армян солдаттарына арналған гуманитарлық көмекті ұрлап, үйінде қаруды заңсыз сақтаған қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Марвел Григорянды әйелімен, ұлымен (Эчмиадзин қаласының мэрі) бірге тұтқындады.
8. 9 миллион доллардай мемлекеттің ақшасын ұрлады деген айыппен президент Саргсянның қарауыл басшысы болған Вачагел Казарянды тұтқындап, үйін тінтті.
9. Миллиардер, «Өркендеген Армения» партиясының басшысы Гагик Царукянның қарауыл қызметін басқарған адамды тұтқындады. Гагикті әзірге ұстамапты.
10. Бұрынғы президент Роберт Кочарянның отбасымен байланысы бар «Спайка» компаниясына салықтан жалтарғаны үшін қылмыстық іс қозғады.
11. Серж Саргсянның отбасына қарайтын қорларға тінту жүргізіп, тұтқындауды бастады. Серждің бауырлары мен туыстарына іздеу жарияланып, олардың бәрі «арғы бетке» қашыпты.
12. Арменияның кассациялық сотының басшылығын ауыстырды.
13. Арменияның тергеу комитетінің басшылығын ауыстырды.
14. Шекара қызметінің, бас штаб пен құрлық әскерінің басшылығын ауыстырып, Таулы Қарабақтағы күш құрылымдарының басшыларын қызметінен кетірді.
15. Қызмет бабын асыра пайдаланған ауыл басшыларына 71 қылмыстық іс қозғады.
16. Бұрынғы қорғаныс министрі Михаэл Арутюнян үйін тінтіп барып өзін де тұтқындады. Арутюнян Ресейге қашып құтылыпты.
17. Экологиялық мәселесі қатты асқынып кеткен Сюник облысына сапарлап барғаннан кейін, бұл облыстың басшысы да креслосымен қоштасты.
18. Ескі ұйымды тиімсіз және былыққа батқан деп жариялап, олигарх басшысы Ара Абрамянға қарсы тергеу жұмыстарын бастады да, Ресейдегі армяндардың басын біріктіретін жаңа ұйым құрып берді.
19. ҮЕҰ- мен бірігіп, шетелдегі армяндардың елге оралуына атсалысатын бірнеше жобаны жүзеге асырды.
20. «Армения Әзірбайжанға Таулы Қарабақты қайтарып берсін» дегені үшін, депутат Владимир Соловьевті ЛДПР партиясының қатарынан шығартты.
21. Фейзбукте халықпен тікелей эфирде тілдесуді дәстүрге айналдырды.
Жолымбет Мәкіштің Фейсбуктегі парақшасынан