Калиниченко: Қонаевты пара алғаны үшін тұтқындасам, ол сотқа дейін тірі қалмас еді
2018 ж. 13 шілде
9182
0
КСРО Бас прокуратурасы жанындағы аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Владимир Калиниченко танымал украиндық журналист Дмитрий Гордонның бағдарламасында қонақта болып, бірқатар шулы мәлімдемелер жасады.
Атап айтқанда, Калиниченко кезінде Қонаевтың өзін пара алғаны үшін тұтқындауға мүмкіндігі болғанын айтты.
- Менде Қонаевты тұтқындау туралы арнайы санкция болды. Бірақ, егер мен оны тұтқындайтын болсам, ол сотқа дейін тірі қалмас еді, - деді экс-тергеуші.
Калиниченко, сондай-ақ, Қонаевтың сол кезде ешкімге керексіз боп қалғанын айтып, Дінмұхамед Ахметұлының өз халқына көп жақсылық жасаған адам екенін де тілге тиек етті.
qazaquni.kz