Армения Президенті: Халықты толқытқан болашаққа деген сенімнің болмауы
2018 ж. 25 сәуір
3642
0
Армения президенті Армен Саркисян халықты толқытқан болашаққа деген сенімнің болмауы, әлеуметтік қиындықтар мен қанағаттану сезімінің жоқтығы екенін айтады, - деп хабарлайды РИА Нововстиге сілтеме жасап tengrinews.kz.
"Елімізде қиындықтар көп екенін бірнеше рет айттық. Халықты толқытқан болашаққа деген сенімнің болмауы, әлеуметтік қиындықтар мен қанағаттану сезімінің жоқтығы. Бұл факторлар азаматтарымыз үшін маңызды. Бұл отанымыз үшін тарихи кезең, жаңа Арменияны жасайтын уақыт келді", - деп келтіреді оның сөзін Sputnik Армения.
Армения президенті Серж Саргсянның қақтығысқа дейін жеткізбей ел көшбасшысының орнын босату туралы шешімін құрметтейтінін атап өтті. Серж Саргсян Армениядағы он күнге созылған наразылық акцияларына бйланысты дүйсенбіде отставкаға кетті. Президент Саркисян министрлер кабинетінің отставкасын қабылдады.
Елді 2008 жылдан бері басқарып келе жатқан Саргсянды Армения премьері етіп тағайындауға қарсылық 13 сәуірде басталған. Жаңа парлементтік республика (9 ақпаннан бастап) заңдары бойынша елді премьер басқарады. Оппозиция Саргсянды экономикалық жағдайдың нашарлауына әкелді деп айыптап, 17 сәуірде "барқыт төңкерісі" басталғанын мәлімдеген. Жалпы наразылыққа қарамастан, Армения парламенті 17 сәуірде Саргсянды үкімет басшысы етіп тағайындаған болатын.