«Ақ жолдықтар» Президенттің әлеуметтік бастамаларын талқылады
2018 ж. 02 сәуір
4234
0
«Ақ жол» партиясының Оңтүстік Қазақстан облыстық кеңесінің Алқалық жиналысы Президенттің әлеуметтік бастамаларын талқылады. Алқалық мәжілістің жұмысына депутаттардың аймақтағы сайлаушылармен кезекті кездесу аясында Оңтүстік Қазақстан өңіріне арнайы келген Азат Перуашев, Берік Дүйсенбинов, сонымен қатар, партия төрағасының орынбасарлары Қазыбек Иса, Анарбек Орман және бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Болат Өтепбаев қатысты.
Депутаттар Мәжілістің заң шығару қызметі жөнінде толығырақ айтып, Демократиялық партияның парламенттік фракциясының жұмысы жайлы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Өз сөзінде «Ақ Жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Президент бастамаларының өзектілігі мен дер кезінде қолға алынғанын атап өтті.
«Партия азаматтардың тұрғын үймен, жатақханамен, ипотека қол жетімділігімен қамтамасыз ету мәселелерін ұдайы түрде үнемі көтеріп келеді. Сондықтан да біз Елбасының бес әлеуметтік бастамасын зор ризашылықпен қабылдап, оны белсенді түрде жүзеге асыруға әрдайым дайынбыз. Жаңадан жатақханалардың салынуы және қолжетімді ипотека мыңдаған қазақстандықтардың тұрғын-үй мәселесін түбегейлі шешеді деп есептейміз», - деп атап өтті Партия төрағасы. Оның айтуынша, бұл елдегі құрылыс саласының, құрылыс материалдарын шығару өндірісінің дамуына айтулы үлес қосып, зор мүмкіндік береді.
Өз кезегінде, Берік Дүйсембинов тағы бір бастаманың маңыздылығын атап көрсетті. Ол – бизнесті несилендіруді дамыту.
«Шағын несиелендіру көлемін ұлғайту кәсіпкерліктің дамуына ықпал етед», - деп есептейді депутат.
Алқа мәжілісі, сондай-ақ, партия филиалының бірқатар ұйымдастырушылық мәселелерін талқылады. Еске сала кетсек, Анарбек Орман зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты басқармадан босатылды, алайда бүгінгі күні «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары қызметін атқаруда. Пленумның бірауыздан қабылдаған шешімімен «Ақ жол» ҚДП облыстық филиалының басшысы болып кәсіпкер Абжанов Әлімхан Досыұлы сайланған еді.