ҚР Парламенті Сенатының отырысында депутаттық сауалын орыс тілінде жолдаған спикер Дариға Назарбаевадан журналистер Елбасының «Үкімет пен Парламент қазақ тілінде өтуі тиіс» деген сөзіне қатысты пікірін сұрады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Дариға Назарбаева: Құдайға шүкір, орыс тіліне ешкім шектеу қойған жоқ
2018 ж. 01 наурыз
6764
39
«Орыс тіліне ешкім шектеу қойған жоқ. Президенттің тапсырмасын орындауға бәріміз де тырысамыз. Ал енді орыс тіліне ешкім әлі шектеу жоқ, құдайға шүкір, ондай әлі болмайтын да шығар. Енді басқа өздеріміздің тұрғындарымызды да сыйлау керекпіз. Ұлтаралық келісім мен достыққа ешкім шектеу қойған жоқ. Қазақстан территориясында бар мемлекеттік органдар жұмыс істейтін тілдер Конституциямен бекітілген», - деді Дариға Назарбаева.
Айта кетейік, 26 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевты қабылдады. Сол кезде ҚР Президенті Парламент пен Үкімет тек қазақ тілінде жұмыс істеуі тиіс деген болатын.