Министр Мәдина Әбілқасымова қазақ тіліндегі сауалға жауап бере алмай ұятқа қалды
2018 ж. 14 ақпан
9466
69
Шаршаған Тамара Дүйсенованың орнына келген Мадина Әбілқасымова журналистердің қазақ тілінде қойған сауалына жауап бере алмай, ұятқа қалды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның жаңалықтар қызметінің дерегін негізге ала отырып.
Үкіметте бастан аяқ орыс тілінде сөйлеген Мадина Әбілқасымова журналистердің қазақ тілінде қойған сұрағына жауап бергісі келмей, қазақша сөйлем құрай алмай қиналды.
«Ана тілін қашан үйренесіз?», — деген сауалға мүдірген министрдің орнына оның хатшысы жауап беріп, басшысын жетектеп алып кетті. Хатшысының соңынан ерген министр жақын арада дайындалып, қазақ тілінде сұхбат беретінін айтып сендірді.