Сооронбай Жээнбековтың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер етеді?
2017 ж. 16 қазан
2605
2
Ең алдымен сайлаудан кейінгі Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастың кво-статусына мінездеме бере кету керек. Атамбаев дәл сайлау алдында қазанның 7-күні «оппоненттерді шетел күштеріне сүйенеді» деп айыптап, саяси ойынға көшті. Сол үшін Атамбаев Қазақстан тарапына да бірқатар ыңғайсыз айыптаулар айтты.
Қазанның 13-күні Атамбаев саяси ойынының екінші кезеңін бастап, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты болмаған деңгейге дейін күрделендіріп жіберді. Екі рет ойналған «саяси қойылым» өз мақсатына жетті, Атамбаевтың кандидаты бірінші кезеңде жеңіске жетті, бұл Атамбаевтың өз қалауы еді (екінші кезең Сооронбай Жээнбеков үшін жеңіліспен аяқталуы ықтимал еді).
Әрине, Қазақстан Өмірбек Бабановты қолдаған жоқ, бірақ Алматыдағы кездесу аясындағы оның өмірбаяны (қазақ әйелі және Қазақстанмен байланыстары) оппоненттері тарапынан оны «қазақтың итаршысы» деп айыптауға дейін жеткізді. Ширек ғасырда алғашқы рет Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас осылай күрделеніп кетті. Осының барлығына кінәлі Атамбаев қолданған саяси технология консолидациясы.
Нәтижесінде Сооронбай Жээнбеков жағдайды тұрақтандыру үшін біраз тер төгуіне тура келеді. Сооронбай Жээнбековтың өзінің алғшақы ресми сапарын қай елге жасайтыны, сонымен қатар оның инаугурациясына кімдер қатысатыны да маңызды.
Сонымен қатар, Сооронбай Жээнбеков президент қазыметіне кіріскеннен кейін жаңа үкімет жасақталады. Бұл жерде «Премьер-министр кім болады» және «Социал-демократтарды кім басқарады» деген екі басты сұрақ бар. Бұл жайт та қазақ-қырғыз қарым-қатынасына өз ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Менің ойымша, билікке жаңа президенттің келуіне байланысты Қазақстан алдағы үш жылда «шектеулі, ойластырылған», таза прагматикалық қарым-қатынасқа көшеді.
Бұл қарым-қатынастар бұрын да көп жағдайда прагматикалық болған, алайда, Қазақстан лайықты жауабын таппаған үлкен достық қадамдарға баратын еді. Сондықтан, қарым-қатынаста толық прагматизмге көшу дұрыс деп есептеймін, себебі, тәжірибе көрсеткендей, мұндай әдіс өз-өзін ақтайды.
Жақсылық Сәбитов,
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры жанындағы
Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы
Қазақ үні