Моңғолия президентінің кортежі жүргіншілер жолағына тоқтап адамдарды өткізіп жіберді
2017 ж. 14 қазан
3123
3
Әлеуметтік желіде Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулганың кортежі жаяу жүргіншілер жолағында тоқтап, адамдарды өткізген фотосы жарияланды. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі ca-news.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін, Баттулга өзіне арналған президент резиденциясында тұрудан бас тартқан болатын. Ол қазіргі кезде Орталық почтаға қарама-қарсы орналасқан үйде тұрып жатыр. Моңғолия басшысы жұмысқа дейінгі 400 метр жерді жаяу жүріп барады.
Еске салсақ, Демократиялық партия атынан түскен Баттулга 2017 жылдың 8 шілдесінде сайлауда жеңіске жетіп, ел президенті атанған еді.