Атышулы Мұратхан Тоқмәдидің жары күйеуінің 3 жылға сотталғанын мәлімдеді
2017 ж. 12 қазан
2679
0
Атылушы Мұратхан Тоқмәдидің жары Жәмила Айымбетова-Тоқмәди кеше жабық сот барысында күйі үш жылға сотталғанын мәлімдеді. Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталының тілшісі хабарлайды.
- Бүгін өмірімде алғаш рет туған күнімді атап өтпедім. Мен Еуропа Парламенттік ассамблеясында "Ашық диалог" қорының арқасында Мұратханды босату туралы рекордтық мөлшерде қол жинадым.Кеше жабық жабық сот барысында ол 3 жылға бас бостандығынан айырылып, 700 мың АҚШ доллар көлеміндегі шығынды өтеуді міндеттеді, - деп жазды Жәмила өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди қоқан-лоққы көрсетіп, бопсалап, кәсіпкерліктердің жарғылық қорының бір бөлігін иемденіп алған деген айыппен маусым айында қамауға алынған болатын.