Нығматулин Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды
2017 ж. 26 маусым
1737
0
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасының Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Отырыс 30 маусымда өтеді. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 30 маусымында сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", - делінген 26 маусымда қол қойылған өкімде.