Депутат 16 жасар қызбен интим хат жазысып отырған жерінен ұсталды (ФОТО)
2017 ж. 29 мамыр
9580
0
Украина Парламентінің халықтық депутаты және "Наш край" партиясының мүшесі Сергей Шахов 16 жасар қызбен интимді хат жазысып отырған жерінен ұсталып қалды. Бойжеткеннің интим суреттерін қарап отырған депутатты журналист А. Дубинский фотоға түсіріп алып, артынша суреттерді интернетке жариялап жіберген.
Бұл туралы "Қазақ үні" ұлттық порталы хабарлайды.
Депутат өз кезегінде, қызбен емес, оның әкесімен жазысқанын айтып ақталды. Оның сөзінше, бұл "Оппозициялық блок" партиясының қитұрқы әрекеті-мыс.
Журналист тек жалаңаш қыздың суреті бар жерді фотоға түсіріп, артынша осылай арандатты, дейді Шахов.