Министрлік елші Әбибулаевқа қатысты ақпараттарды жариялауға уәде етті
2017 ж. 27 ақпан
2288
0
Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті брифинг барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз xатшысы Әнуар Жайнақов Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Әбибуллаевтың мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
[caption id="attachment_65490" align="aligncenter" width="725"] Алтай Әбибуллаев[/caption]«Бәріңіз жақсы білесіздер, комиссияның шешімі бойынша мемлекет басшылығының қарауына Қазақстанның Польшадағы елшісінің мәселесі жіберілген болатын. Дәл қазір аталған мәселеге қатысты ақпарат жоқ. Алдағы уақытта қандай да бір детальдар шығып жатса, біз міндетті түрде ол жайында сіздерге xабарлайтын боламыз», - деді Жайнақов.
Айта кетейік, ақпанның 9-ы күні өткен ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында Қазақстанның Польшадағы Төтенше және өкілетті елшісі Алтай Әбибуллаевтың мәселесі қаралған болатын. Комиссия мүшелері оған қатысты тәртіптік жаза қолданып, тиісті ұсынысты Мемлекет басшысының қарауына енгізді. Алайда нақты қандай тәртіп бұзушылық екені айтылған жоқ.