ҰҚК-ге Антикоррупциялық қызметке қатысты істерді тергеу құқығы берілмек
2017 ж. 15 ақпан
2177
0
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне Антикоррупциялық қызметке қатысты істерді тергеуге құқық беру ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мәжілісте құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру кезінде бас прокуродың орынбасары Иоган Меркель мәлімдеді.
"Ұлттық қауіпсіздік комитетіне арнайы органдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі мен әкерилерге қатысты жемқорлыққа байланысты қылмыстық істерді жүргізуге құқық беру ұсынылды. Бұл тексеріс олардың қызметтік ерекшілігіне байланысты", - деді Меркель.
Сонымен бірге, құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы шеңберінде тергеуші прокурор шешіміне шағымдана алады. Прокурордың соталды қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдаудың ережелері мен шегі заңмен бекітіледі. Ал Қазақстан Республикасының бас прокуроры Қылмыстық-процесуалды кодекспен бекітілген тергеу бірізділігіне қарамастан істі прокурор тергеуіне беруге құқылы.
Сонымен бірге, заң жобасы шеңберінде тергеуші судьяның қамауға алу шешімін шығару бойынша өкілеттігі артады.