Назарбаев еліміздегі қорқақ министрлерге шүйлікті
2017 ж. 03 ақпан
3481
6
Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, алдағы орасан мақсат-мiндеттерге жету үшiн әр басшы өз мойнына жауапкершiлiк алуға қорықпауы керек. Бұл туралы елбасы үкiметте өтiп жатқан министрлер кабинетiнiң кеңейтiлген отырысында айтты, хабарлайды Baq.kz.
Елбасының айтуынша, министрлер дербес шешiм қабылдаудан жасқанбай, мойынға жауапкершiлiк ала бiлу керек.
«Жеке мемлекет болдық. Қазақстан үкiметiнiң мүшелерісіздер! Миллиондаған азаматтарымыздың iшiнде жүзден жүйрiк, мыңнан озып шыққан сiздер деп айтатын болсақ, соны ақтау керек. Қиын болса ол жұмыс, онда басқа жаққа жылжыңдар. Мемлекеттiң мақсат-мiндеттерiн басшылыққа алып, соны орындау керек», - дедi президент.
Айта кетейiк, Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен үкiметтiң кеңейтiлген отырысы өтiп жатыр. Кеңейтiлген отырыс әдеттегiдей Ақордада емес, ұкiметте өтуде. Жиында алдымен елдiң 2016 жылғы әлеуметтiк-экономикалық дамуының қорытындылары талқыланды.
Ендi мемлекет басшысы алдағы жұмысты айқындап, үкiмет мүшелерiне тапсырмалар берiп жатыр.