Обама биліктен кетер алдында Палестинаға құпия сыйлық жасаған
2017 ж. 26 қаңтар
2295
0
АҚШ-ның бұрынғы президенті Барак Обама биліктен кетер алдында Палестина мемлекетіне 221 млн доллар қаржы аударуға бұйрық шығарған.
Бұл жайында Ассошиэйтед Пресс орталығы хабар таратты, деп жазады Muslim.kz.
Сондай-ақ, президент әкімшілігі ауа райын өзгерту бағдарламасына 4 млн, БҰҰ-ның басшылығымен қызмет атқарып жатқан ұйымдар қорына 1,25 млн қаржы аударған.
Айта кетейік, Барак Обаманың палестиналықтарға көмек көрсету жайлы шешімі Республикалық партия өкілдерін наразылығын тудырып отыр.
qazaquni.kz