Мишель Обама АҚШ-тағы бірінші ханымның қолын алмай қойды (видео)
2017 ж. 24 қаңтар
2560
0
21 қаңтар күні АҚШ-тың 45-інші президенті Дональд Трампты ұлықтау рәсімі өтті. Аталмыш жиынға келген экс-президенттің жұбайы Мишель Обама өзіне қолын ұсынған Мелания Трамптың қолын алмаған деп хабарлайды NUR.KZ.
Дональд Трамп көліктен түскенде экс-президент Барак Обамамен қол алысады. Оның артынан Мелания Трамп та Барак Обамамен амандасқан. Бірақ, қолғабын шешпейді. Мұны көрген экс-президенттің жұбайы Мишель Обама өзіне қолын ұсынған Мелания Трамптың қолын алмай қойған.
Бірінші ханымның қолғабын шешпей, өзіне құрмет көрсетпегені ұнамай қалса керек. Мүмкін басқа да себептері болуы мүмкін. Осы орайда, Мишель Обама жағдайды бақылауында ұстап, Меланияны құшақтай салған.
Абдырап қалған Мелания Мишельге сыйлық ұсынады. Бірақ, Мишель сыйлықты алғанымен, оны біреуге берейін деп жатқандай артына қарап, оның сыйлығын керек қылмағанын білдірген.