Майлыбаев ісі бойынша қамалған Галихин бір ай бұрын "Құрмет" орденімен марапатталған
2017 ж. 16 қаңтар
2456
2
Бағлан Майлыбаевпен бірге қамауға алынған Николай Галихинді бір ай бұрын "Құрмет" орденімен марапаттаған еді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Мемлекеттік құпияны таратты деген күдікке ілінген президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Николай Галихин бір ай бұрын "Құрмет" орденінің иегері атанған.
Дүйсенбі күні Қазақстан ҰҚК хабарлағандай, сот президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Бағлан Майлыбаевты екі айға қамауға алды. Майлыбаевпен бірге президент әкімшілігінің тағы бір қызметкері қамауға алынған – Николай Галихин.
Ақорда сайтының ресми мәліметі бойынша, Николай Галихин президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.