Билік тармақтарының өкілеттіктерін бөлу жөніндегі жұмыс тобының құрамы белгілі болды
2017 ж. 13 қаңтар
2236
2
Қазақстан президентінің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының алғашқы отырысы өтті деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.
Жұмыс тобының қызметіне заңгер, ғылыми-сараптамалық қауымдастығы, сондай-ақ қалың жұртшылық белсене тартылатын болады.
Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері
Жақсыбеков Әділбек Рыскелдіұлы президент әкімшілігінің басшысы, жұмыс тобының жетекшісі
Асанав Жақып Қажманұлы Қазақстанның Бас прокуроры
Бекетаев Марат Бақытжанұлы Әділет министрі
Громов Сергей Николаевич парламент сенаты төрағасының орынбасары
Донақов Талғат Советбекұлы президент әкімшілігі басшысының орынбасары
Жалаири Өмірәлі Шақарапұлы Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ректоры
Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы парламент мәжілісі төрағасының орынбасары
Қаудыров Төлеш Ерденұлы Қазақ гуманитарлық заң университеті Азаматтық–құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры
Мәми Қайрат Әбдіразақұлы Жоғарғы соттың төрағасы
Мұқашев Рақмет Желдібайұлы "Қазақстан заңгерлер одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Рогов Игорь Иванович Конституциялық кеңестің төрағасы