АЙДОС САРЫМ: ƏСІРЕДІНШІЛДЕР КӨЛЕҢКЕЛІ, БАЛАМА ЭКОНОМИКА ЖАСАҚТАП АЛҒАН
2016 ж. 15 желтоқсан
2035
0
Бүгінгі Ақтөбедегі арнайы операция мұнай ұрлаған салафиттерге қатысты делініп жатыр. 2010-2011 жылдардағы операциялар да мұнай ұрлаушы салафиттерге қатысты жүргізілген болатын. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады.
1. Əсіредіншілдер көлеңкелі, балама экономика жасақтап алған. Осы арқылы экстремистік, террористік шараларын, жақтастарын қаржыландырып отыр. Терроризммен күрес оның экономикалық қаржыландыру көздерін құрықтаумен қатар жүргізілуі тиіс. 2. Осыны тиісті органдар мен мұнайшылар білмеген емес, білген. Сонда 2011-ден бері неге шара қолданбаған? Осыны біле отырып, шара қолданбаған басшылар да жауап беруі тиіс. 3. Елдегі салафиттер қылмыстық топтармен байланысып, қылмыстық, көлеңкелі экономиканы игеріп жатыр. Осы арқылы билік пен құқыққорғау органдарының басшыларын я сыбайлас қылуға, я оларға қысым көрсетуге қол жеткізіп отыр.
Айдос Сарым, саясаттанушы