Тоқаев еліміздің ағылшын тіліндегі атауын Qazaqstan деп өзгертуді ұсынды
2016 ж. 02 қараша
3234
7
Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзінің ағылшын тілінде дұрыс жазылуы мәселесін көтерді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«KAZAKHSTAN-нан гөрі ағылшын тілінде QAZAQSTAN еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында.
Еске сала кетейік, бұған дейін "Қазақ Үні" ұлттық порталы белгілі ақын Қазыбек Исаның "QAZKOM ҚАТЕСІН ТҮЗЕДІ – KAZAKHSTAN ҚАШАН ТҮЗЕЙДІ?!." атты мақаласын жариялап, онда жоғарыда аталған мәселені алғаш талқыға салған болатын. "Ел атындағы ширек ғасырлық ҚАТЕ биылғы Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойында түзелсе, ең үлкен тарту болар еді… Біз ата-бабамыз өмір бойы армандап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгесін – Біріккен Ұлттар Ұйымына осы қате жазумен тіркелдік. Ал негізі дұрысы, қазақшасы – QAZAQSTAN болуы керек! Бұл туралы біз «Қазақ үні» газетінде талайдан бері жазып келеміз", - деп жазды автор өз мақаласында.