Еліміздің бас судьясы Қайрат Мәмидің үлкен қызы қалай өмір сүруде?
2016 ж. 20 қазан
4757
0
Караван басылымы Қайрат Мәмидің үлкен қызы қалай өмір сүріп жатқаны туралы арнайы мақала даярлапты. Бас судья Zakon.kz порталына берген бір сұхбатында өз балаларының ешқайсысының заңгер мамандығын таңдамағанын айтқан болатын, - деп жазады басылым.
«Екі қыз, бір ұлым бар. Ешқайсысы да менің жолымды қумады. Яғни отбасымызда заңгер жоқ. Екінші қызым мен ұлым шетелдегі беделді оқу орындарын бітірген. Айтқандай, олар «Болашақ» бойынша оқыған жоқ. Менің балаларым өз жолын тапқан. Бәрін өздері істеп жатыр. Олар менің атымды, қызметімді пайдаланбайды» деген еді Қ.Мәми.
Сондай-ақ, ол үлкен қызы Айнұрдың анасының жолын қуғанын айтты: «Үлкен қызым анасының жолын қуып келе жатыр. Оның күйеуі де шенеунік қой. Сондықтан ол өзі білім алған, біз дайындаған жолдан бас тартты».
Айнұр Мәмидің күйеуі – бұрынғы байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев. Инвестиция және даму министрінің орынбасары да болған ол былтырдан бері «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясын басқарады. Жұмағалиевтердің екі баласы бар: қызы Мириам (2003 ж.т.), ұлы Қайсар (2006 ж.т.).
Айнұр Мәмиді табыскер бизнес-леди деуге болады. Ол – бірнеше компанияның иесі, тағы бірнеше фирманың қосалқы құрылтайшысы әрі акционері. Қайырымдылықпен айналысады, сән-салтанатқа толы шараларға барады. Жеке өмірін жұртқа жаймайды. Instagram-дағы аккаунтын жабық түрде жүргізеді.
Айнұр Мәми, оның анасы Мақпал Ахметова және Айжан Есім (Ахметжан Есімовтің қызы) – Алматыдағы «Я сам» балаларға білім беру орталығының иелері.
Орталық мектеп жасына дейінгі балаларға білім берумен қатар оларды тәрбиелеумен айналысады.
Айнұр Динара Юнусова және Алуа Сыздықовамен бірге Californication компаниясын да иеленіп отыр. Бұл – Алматыдағы брендтік бутик.
Мәми, Юнусова және Сыдықова 2014 жылы өздерінің Californication Home бутигінде қайырымдылық «дивандық кешін» өткізді. Одан жиналған қаржы Педиатрия және балалар хирургиясы ҒЗИ онкогематология бөлімшесіне ойын бөлмесін салуға берілді.
Осы қыздар өткен жылдың сәуір айында да Calimood қайырымдылық аукционын өткізді. Одан түскен 700 мың теңге жойқын су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысына жіберілді.
Айнұр Астанадағы Californication Beauty SPA және йога орталығын жеке өзі иеленіп отыр.
Аталған орталықтың Instagram-дағы парақшасына жарияланған суреттерге қарағанда, еліміздегі әйелдердің алғашқы интернет-порталының негізін қалаушы, белгілі журналист Айгүл Мүкей Californication Beauty-дің жиі қонағы әрі серіктесі сияқты.
Айнұр биыл Constella бутигінің лотереясын ұтып алды. Сөйтіп, оған зергер Петр Аксеновтің жаңа коллекциясынан әшекей бұйым тарту етілді.
Айнұр Мәми fashion-бизнестен бөлек ауыл шаруашылығымен де айналысады. Ол – Greenhouse Kazakhstan компаниясының, яғни Қазақстан жылыжайлар қауымдастығының қосалқы иесі.
Ескертпе: барлық ақпарат ашық дерек көздерінен алынған.