Біріккен Ұлттар Ұйымының жаңа бас хатшысы тағайындалды (фото)
2016 ж. 14 қазан
2496
1
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антонио Гутерришті ұйымның келесі бас хатшысы етіп бекітті. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
БҰҰ құрамындағы 193 мемлекет 75 жастағы Гутерриштің кандидатурасын 13 қазанда бекітті. Қазіргі бас хатшы, БҰҰ-ны қатарынан екі мерзім - 10 жыл басқарған Пан Ги Мунның өкілетті мерзімі 1 қаңтарда аяқталады.
"Ол сірә, ең маңызды деген салаларда бәрінен танымал шығар, қарулы қақтығыстар мен гуманитарлық дағдарыстарда алда жүреді. Оның саяси инстинкті БҰҰ-ның миссиясына, яғни жалпыға ортақ игілік және адамзат пен әлем үшін ортақ жауапкершіліктегі ынтымақтастық миссиясына сай келеді", - деді Пан Ги Мун Гутерриш туралы.
6 қазанда Гутерриштің кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 15 мемлекеті бірауыздан қолдаған. Гутерриш 1995-2002 жылдары Португалия премьер-министрі, 2002-2015 жылдары БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары болған. Ол - БҰҰ-ның оныншы бас хатшысы болмақ.