Өзіне көзі тірісінде ескерткіш орнатқан Президент кім?!.
2016 ж. 16 қыркүйек
2523
0
Зимбабвенің 92 жастағы президенті Роберт Мугабе өзіне өзі ескерткіш орнатып қойды. Бұл туралы The Telegraph газетінің ақпарына сілтеме жасаған ras.kzхабарлады.
Бүгінде елді 35 жылдан бері басқарып келе жатқан билеуші монументінің биіктігі 3,8 метрді құрайды. Оны жарты жыл бойы жасаған белгілі мүсінші Доминик Бенхура президенттің мультипликациялық көшірмесін келтірген сияқты. Мұнда елдің лидері қалың мүйізгегі бар көзілдірікпен, жұдырығы түйілген оң қолын жоғары ұстап тұр.
Мугабенің айтуынша, «мұндай жұмыс жасаған мүсінші» жай алғыстан гөрі жоғары құрметке ие болуға лайықты. Ал Бенхура төрт метрге жуық ескерткішке тапсырыс берген жергілікті әкімшіліктің «президентті мүмкіндігінше маңызды етіп көрсету керек» екенін айтқанын жеткізді.
Зимбабве тұрғындары қазір монументті мазақ етіп жатқанға ұқсайды. Әлеуметтік желілер де бұдан қалысар емес.