"Астана ЭКСПО-2017"-дағы қаржы жымқыруға қатысты сот үкімі өзгермеді
2016 ж. 11 тамыз
2027
0
Астананың Есіл аудандық сотының апелляциялық алқасы "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясындағы қаржы жымқыру ісіне қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
[caption id="" align="alignnone" width="987"] "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ермегияев сотта қорғаушыларымен сөйлесіп отыр. Астана, 13 мамыр 2016 жыл.[/caption]Апелляциялық алқа төрағасы Асқаржан Кенжеғарин алқа сот материалдарын зерттеп, тараптардың ұстанымдары мен уәждерін тыңдап үкімді өзгеріссіз қалдыру қажет деп тапқанын айтты.
"Астана ЭКСПО-2017" компаниясының бұрынғы басқарма төрағасы Амангелді Ермегияевтің адвокаты Алла Котлова сотталушылар апелляциялық сот шешімімен келіспейтінін, кассациялық шағым түсіретінін айтты. "Біз сот істің мән-жайына толық қанықпады деп санаймыз. Біздіңше, дұрыс шешім шығарылған жоқ" деді Котлова.
"Астана ЭКСПО-2017" компаниясындағы қаржы жымқыру ісі бойынша басты айыпталушы Талғат Ермегияев 9 маусымда "аса ірі көлемде пара алды" және өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді" деген айыптармен 14 жылға сотталған. Ермегияев өзіне тағылған айыптармен келіспейді. Бұл іс бойынша тыңдау наурыз айында Астанада басталған. Іс бойынша 23 адам сотқа тартылған. Тергеу деректері бойынша,"Астана ЭКСПО-2017" компаниясынан барлығы 10,2 миллиард теңге ақша жымқырылған.