ТҮРКИЯНЫҢ ПРЕЗИДЕНТ ӘКІМШІЛІГІ: 15 ШІЛДЕДЕГІ ФЕТӨ ТӨҢКЕРІС ӘРЕКЕТІ
2016 ж. 26 шілде
3251
1
15 ШІЛДЕДЕ НЕ БОЛДЫ?
Түрік Қарулы Күштеріне еніп алған бір фракция қолбасшылық тізбегінен тысқары 15 шілде жұма күні кешкі сағат 21:00 шамасында әскери төңкеріс әрекетін бастатты.
15 шілде төңкеріс әрекеті Анкара мен Ыстамбұлда бір уақытта басталды. Ыстамбұлда Босфор және Фатих Сұлтан Мехмет көпірлері, Ататүрік әуежайы мен Ыстамбұл облыстық ІІБ басып алынды. Анкарада Мемлекеттік Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ( MİT), ІІБ мен Полииция арнайы операция орталығы сияқты стратегиялық мекемелерге бомбамен шабуыл жасалды.
Екі қалада да төңкерісшілдер өздері алып кеткен F -16 ұшақтарымен жерге жақын ұшты. Ыстамбұлдағы және Анкарадағы ТРТ ғимараты басып алынды. Өздерін «Елде тыныштық кеңесі» деп таныстырған төңкерісші банда мүшелері дайындаған мәлімдеме күштеп оқытылды. Мәтінде коменданттық сағатпен қоса барлық жеке меншік медиа органдарының осы мәлімдемені оқулары туралы бұйрық берілді. Президенттік Кесен, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі мен Премьер –Министрлік ғимараты мен әртүрлі қалалық әкімшілік ғимараттарына шабуыл жасалды.
Республика тарихында тұңғыш рет, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне төңкерісшіл банда рұқсатсыз иеленіп алып кеткен F -16 ұшақтарымен бомба тасталды.
Ұлттық телеарна каналдарынан тікелей эфирде халыққа арнап сөз сөйлеген Президентіміз аталған төңкеріс әрекетінің Түркия Қарулы Күштерінің ішіндегі аздаған топтың әрекеті екенін атап өтті.
Президентіміз халықты жігерлі түрде төңкеріске тойтарыс беру үшін көшеге шығуға шақырды.
11-нші Президент Абдулла Гүл, Премьер –Министр Бинали Йылдырым, оппозициялық партия басшылары мен аға қолбасшылар Президентіміздің мәлімдемесін қолдап, әскерлерді казармаларына оралулары үшін үндеулер жариялады.
Президентіміздің шақыруына үн қоса отырып, халық төңкеріс әрекетіне тойтарыс беру үшін көшеге шықты. Төңкерісшілер қарусыз көшеге шыққан бейбіт халыққа оқ жаудырды.
Ыстамбұл мен Анкарада төңкеріске қарсылық көрсетуші 246 азамат қаза болды.1537 кісі жараланды.
24 төңкерісші өлі, 50 төңкерісші жаралы түрде қолға түсірілді.
Төңкеріс әрекеті кезінде Мармаристе болған Президентіміз Ыстамбұлға жолға шыққаннан бірнеше минуттан кейін тұрған қонақүйді төңкерісші бандалар Президент пен жанұясын өлтіру мақсатымен басып алды. Осы әрекет кезінде төңкерісшілерге тойтарыс берген Президентіміздің екі жеке оққағары қаза болды.
Төңкерісшілер кім?
15 шілде төңкеріске әрекет жасаған фракцияның «параллель мемлекет құрылымы» (ПДЙ) деп аталатын АҚШ-та тұратын Фетхуллах Гүлен басқаратын Фетхуллахшы лаңкестік ұйымы (ФЕТӨ) мен байланыстарының бар екені анықталды.
ФЕТӨ Ұлттық Қауіпсіздік саясат құжаттарында «ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруші, сырттай заңды сияқты болып бүркемеленген заңсыз ұйым» деген баға берілген лаңкестік топ болып табылады.
Осы топтың Түрік Қарулы Күштері ішіндегі байланыстары ұзақ уақыт бойы мемлекет тарапынан қадағалауда болатын. Соның нәтижесінде төңкеріс әрекетінің алғашқы сәтінде –ақ төңкерісті ұйымдастырғандардың аталған топ мүшелері екені анықталған.
Төңкерісшілдер ұсталғаннан кейін қолға түсірілген қатал әскери тәртіп тағайындау тізімінде аты бар кісілердің ФЕТО –мен байланысы бар екендігі мемлекет анықтаған жағдайлардың дұрыс екенін дәлелдеген.
17-25 желтоқсан төңкеріс әрекетінде әшкереленіп қалған ФЕТӨ- мен байланысты сот органдары мүшелерінің «Ергенекон», «Балйоз» және «әскери шпионаж» деп аталатын соттық істеріндегі құқыққа қайшы түрде жауапқа тартылуы нәтижесінде көптеген генералдың армиядан аластатылуына байланысты туындаған кадр жеткіліксіздігі, ФЕТӨ мүшесі жоғары шенділердің армия ішінде жоғарылауына жол ашқан болатын.
17- 25 желтоқсаннан кейін мемлекеттің барлық құрылымына еніп алған ФЕТӨ мүшелерін заң шеңберінде қызметтен босату процесі басталды. 5 тамызда жиналатын Жоғарғы Әскери Кеңесте (ЙАШ) алынатын шешімдердің осы аталған қызметтен босату процесінің жалғасы болатыны белгілі болатын. 15 шілдеде төңкеріске әрекет жасағандар 5 тамызда (ЙАШ) шешімімен Түрік Қарулы Күштерімен байланыстары үзілуі жоспарланған жоғары шенді әскери персонал еді.
ТӨҢКЕРІС ӘРЕКЕТІНЕН КЕЙІНГІ ҚҰРЫҚТАУ ЖӘНЕ ТҰТҚЫНДАУ
15 шілде төңкеріс әрекетінен кейін жалпы алғанда; •10780 кісі құрықталды. • 4544 кісі тұтқындалды.
Төңкеріс әрекетінен кейін 10 856 мемлекеттік қызметкердің паспорттары жарамсыз деп саналды.
ҚОРЫТЫНДЫ
15 шілде төңкеріс әрекетіне қарсы Түркия Республикасының күш –жігеріне көптеген шет мемлекет пен халықаралық ұйымдар қолдау көрсетті.
Төңкеріс әрекетінен кейін Түркия экономикасы мен қаржылық құрылымы қалыпты жағдайға түсті. Валюта мен алтын бағасы қысқа мерзімді көтерілсе де қайтадан түсті.
Осы төңкеріс әрекеті түрік халқының, ішкі істер құрылымдарының, Түрік Қарулы Күштерінің, медиа мен әртүрлі көзқарастағы саясилардың батыл және табанды ұстанымының арқасында жүзеге аспады.
Төңкеріс әрекеті тойтарысқа ұшырады, халқымыз төңкерісті және төңкерісшілерге қарсылық білдіру мақсатында еліміздің және шет елдің көптеген қалаларында демократияны сақтау үшін күзетті жалғастыруда.
qazaquni.kz