Шетел инвесторлары кеңесі ең өзекті тақырыптар талқыланатын ашық алаңға айналды - Назарбаев
2016 ж. 27 мамыр
2421
1
Шетел инвесторлары кеңесі ең өзекті тақырыптар талқыланатын ашық алаңға айналды. Бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысын ашқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Сіздерді Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы жалпы отырысында қарсы алғаныма қуаныштымын. Осы жылдар ішінде біздің кездесулеріміз, еліміздің түрлі өңірлеріндегі кездесулеріміз жақсы дәстүрге айналды. Кеңестің өзі инвесторлар үшін, біздің еліміз үшін ең маңызды тақырыптардың сұхбаты үшін ашық алаңға айналды», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысы өткен жылы Кеңес құрамы ұлғайғандығын, ал бұл халықаралық бизнес-қоғамдастық тарабынан Қазақстанға қызығушылықтың артып отырғандығын көрсететіндігін атап өтті. Сондай-ақ елімізге келетін шетелдік инвестиция көлемінің тұрақты түрде өсім көрсетіп отырғандығын жеткізді.
Осыдан кейін ҚР Президенті кеңестің жаңа мүшелерін таныстырды.
«Марубени Корпорейшн» вице-төрағасы Мичихико Ота мырза, байқаушыдан кеңес мүшелігіне өткен «Кнауф» компаниясының басқарушысы Николас Вильгелм Кнауф біздің кеңестің жаңа мүшесі болады. Сонымен қатар қазақстандық тараптан да кеңес құрамына жаңа мүшелер кіріп отыр», - деді Н.Назарбаев.
Дерек көзі: ҚазАқпарат