Қытайлық БАҚ-тар Қазақстанның 3000 гектар жеріне бидай егетіндіктері туралы жазып жатыр
2016 ж. 17 мамыр
2164
1
Қытайдың Сәнши күнделікті газеті 9 мамыр күнгі санында Сәнши астық корпорациясы Қазақстанның 3000 гектар жеріне бидай егетінін хабарлады. Бұл туралы Qamshy.kz жазады.
Сондай-ақ, "Жоспар бойынша Қытай тарапы маусым айында Қазақстаннан 2500 тонна ұн сатып алуды көздеп отыр", - деп жазады басылым.
Қытайлық басылымның хабарлауынша, Сәнши өлкесінің астық компаниясы Қазақстан жеріне зерттеу жүргізіп, бірқатар өндіріс орындарының жұмысымен танысқан. Атап айтқанда, Қазақстанның «Байсерке» май шығаратын компаниясы, «Алтын диірмен» және «Азия Food» компанияларының өнімдерін Қытайға экспорттау және Қазақстанның ауылшаруашылығына инвестиция құю жөнінде келісім жасалған. Басылым екі ел арасындағы экспорт-импорт жөнінде әлі де бірқатар келіссөздер жүріп жатқанын жазады.
Басылым бұл келісімдердің Қытай үкіметінің және Сәнши өлкесінің экономикалық жоспарына сай келетініне назар аудартқан.