НАҒЫЗ ЕЛ ҚАМҚОРЫ
2016 ж. 08 наурыз
2139
2
Дос Көшім, саясаттанушы:
НАҒЫЗ ЕЛ ҚАМҚОРЫ
Егер салыстырмалы түрде алатын болсақ, Қазақстан Парламентіндегі қызмет атқарған партиялардың ішінде «Ақ жолдың» орны бөлек деп есептеймін. Және, меніңше, бұл партияның мүмкіндігі де, болашағы да әлі алда. Қазіргідей жағдайда қандай да бір саяси партияның емін-еркін, нағыз демократиялық жолмен жұмыс істеуі қиын шаруа. Біз көбіне осы жағдайға көп мән бере қоймаймыз. Сондықтан, кейде «Ақ жол» өйтпеді, бүйтпеді деу де қисынсыздау көрінеді… «Ақ жол» партиясының фракциясы дайындаған толықтырулар мен өзгерістердің кейбіріне, айталық, мемлекеттік тілді қолдануға қатысты мәселеге өзім де тікелей араластым, сонда бұл ұйымдағы азаматтардың нағыз ел жанашыры екенін аңдағанмын. Одан соң өздерін «Алаштың ізбасарларымыз» деп атаған партия Алаш мұрасын зерттеу мен оны халық арасына таратуға бірталай еңбек сіңіріп келеді. Дегенмен, осы бағыттағы істі әлі де болса жандандыра түссе деген тілек те жоқ емес.