Алдағы Мәжіліс сайлауына қандай саяси партиялардың қатысу құқы бар?
2016 ж. 22 қаңтар
3106
5
Фото: khabar.kz
Орталық Сайлау Комиссиясы Қазақстанда ресми тіркелген және Парламент Мәжілісіне сайлауға депутаттыққа өз кандидаттарын ұсынуға құқы бар партиялардың тізімін жариялады.
Әділет Министрлігінен келіп түскен ақпаратқа сәйкес, бүгінде Қазақстанда 7 саяси партия тіркелген. Олар – «Нұр Отан», «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы, «Ауыл» Халықтық демократиялық партиясы, «Бірлік» саяси партиясы, Қазақстанның халықтық коммунистік партиясы, «Азат» демократиялық партиясы және Жалпыұлттық социал – демократиялық партиясы.
Бұл жөнінде бүгінгі өткен баспасөз мәслихатында Орталық Сайлау Комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов хабарлады.
Ал партиялық тізімге кірген әр үміткер үшін саяси партия 15 ең төменгі еңбекақы көлемінде жарна төлеуі тиіс. Бұл бүгінгі күні 342 мың 885 теңгені құрайды.
qazaquni.kz