Австрия билігі Рахат Әлиевтің өлімін суицид деп таныды

Басылымның мәліметінше, өзін-өзі өлтіру туралы болжамға қарсы дәлелдерді Әлиевтің жесір қалған әйелі Әльнара Шоразованың адвокаттары келтірмек болған. Олардың тұжырымына қарағанда, оқиға болған орын жеткілікті түрде қорғалмаған, маңызды заттай айғақтар жоғалып кетуі мүмкін, ал Әлиевтің өлімінің уақытын анықтау мүмкін болмады. Сонымен қатар, адвокаттар Әлиев өз-өзіне жалғыз қол салды делінген нұсқаға күмән келтірді.

Судьяның шығарған тұжырымына сәйкес, Әлиевтің өлімінің нақты уақытын анықтай алмау дерегі маңызды емес, себебі өлімнің зорлық белгілері туралы дәлелдері табылмады.

Еске сала кетейік, Рахат Әлиев Венадағы Йозефштадт түрмесінде қайтыс болды. Ол 23 ақпанда түнде асылып қалған күйі табылды.

tengrinews.kz