Қазақстанда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өтуі мүмкін
2015 ж. 09 қыркүйек
2656
0
Қазақстанда парламент сайлауы ерте өтуі мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Кейбір саясаткерлер мен саясаттанушылар «билік транзиті – саяси күн тәртібінде тұрған бұдан да өзектірек мәселе» деп санайды.
Қазақстанда мерзімінен бұрын парламенттік сайлау мүмкін бе деген жорамалды Азаттық зерттеп көрді.
Кейбір бақылаушылар оппозициялық Қазақстан коммунистік партиясын жабу мен президентшіл «Ауыл» және Патриоттар партиясын біріктіру арқылы «Ауыл» халықтық патриоттық партиясын құруды кезектен тыс парламент сайлауына дайындық белгісі деп жорамалдайды.
Президентшіл Қазақстан коммунистік халық партиясының (ҚКХП) бейресми жетекшісі Владислав Косарев жуырда елде мерзімінен ерте парламент сайлауы өтетініне күмәнданбайды. Бірақ ол оппозициялық коммунистік партияның президентшіл ҚКХП-ға қосылғысы келмегеніне қынжылады. Ол «егер бізге қосылса, коммунистік партия аман қалар еді» дейді.
«Стратегия» әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы президенті Гүлмира Илеуова да Қазақстанда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтеді деп санайды.
“Мен үшін биліктің сайлауды ертерек өткізгісі келуі екі нәрсені білдіреді. Бірі – әлеуметтік тұрақсыздық қаупі тақырыбы дұрыс бағаланбаған әлсіз сараптама, екіншісі – биліктің әрекеті әлеуметтік-экономикалық жағдайды нашарлатып жібереді”, – дейді Гүлмира Илеуова.
Ол «ешқандай электоралдық перспективасы жоқ коммунистік партияны жабуы – биліктің елдегі саяси ахуалды дұрыс бағалауға қауқарсыздығын тағы бір мәрте растаған дәлел» дейді.
Саясаттанушы Досым Сәтбаев «сөзсіз болатын билік транзитін Қазақстанда негізгі саяси мәселе» санайды.
Бұл кезеңнен қиналмай өту үшін, яғни билік ауысу процесінің ел қауіпсіздігіне кесірі тимес үшін билік қаржы, экономика, саяси және өзге шаралар қолданып жатыр.Сәтпаев мерзімінен ерте өткен президент сайлауы мен жуырда өтеді деп болжанатын парламент сайлауын, жуырдағы ұлттық валюта девальвациясын, саяси, ақпараттық алаңды оппозиция мен өзгеше ойлаудан тазартуды және биліктің патриоттар партиясы мен «Ауыл» партиясын біріктіру сияқты амалдар арқылы өз жақтастарының қатарын реттеп алуын осы шаралар қатарына жатқызады. Бірақ Досым Сәтбаевтың сөзінше, ел басшылығының билік транзитіне дайындық жөнінде нақты стратегиясы жоқ, яғни фигуралары өзгермейтін шахмат ойыны сияқты көрінеді. Сәтбаев ондай «фигураларға» жоғары шенді басшылар мен парламент депутаттары ғана емес, өзі атағандай, «зомби партияларды» да жатқызады. Сол себепті Сәтбаев билік транзиті мәселесі бірінші кезектегі, ал кезектен тыс парламент сайлауы екінші, тіпті үшінші дәрежедегі мәселе деп санайды. Қазір жұрттың бәрі айтып жүрген парламент сайлауын мерзімінен ерте өткізуді оппозициялық саясаткер әрі экономист Петр Своик те екінші дәрежедегі мәселе санайды. Бірақ ол көмірсутегі шикізаты экспортына тәуелділік пен әлемдегі бағаға қатысты жағдайдың кесірінен үздіксіз нашарлап бара жатқан экономика бірінші дәрежедегі мәселе деп санайды.
Своиктің айтуынша, мұның бәрі қазіргі тәртіпті (ол мұны «елбасизм»деп атайды) сақтап қалғысы келетін билікті жайсыз жағдайда қалдырады.“Тіпті парламент сайлауы мерзімінен ерте өтіп, билік партиясы жетекшісі премьер болады деп шешілген күннің өзінде елбасы бастаған биліктің консервативтік болмысы бәрібір өзгермейді”, – деп болжайды Петр Своик. Патриоттар партиясы мен «Ауыл» партиясын біріктіруді сайлау алдындағы әбігерлікке балаған Петр Своик парламент сайлауы ерте өтетініне шәк келтірмейді. Оның айтуынша, мұндай сайлаулар кезінде билік «Нұр Отан» президенттік партиясының парламентте басымдығын бәрібір сақтап қалады, тіпті «Ақ жол» партиясына да қалуға мүмкіндік береді. Үшінші партиялық фракцияға да парламенттен орын тиіп қалуы мүмкін екенін айтқан Своик бірақ оның қандай партия болатынын болжай алмады. Оның айтуынша, бұл жалпыұлттық социал-демократиялық партия немесе президентшіл коммунистік халық партиясы, мүмкін жаңа құрылған «Ауыл» халық-патриоттық партиясы болуы мүмкін. Бірақ Петр Своик бұл мәселенің шешімі әлгі партиялардың қолында емес дейді. Қазақстан-неміс университеті профессоры Рустам Бурнашевтің айтуынша, ерте өтуі мүмкін парламент сайлауы билік қазіргі сәтте маңызды деп санайтын саяси мақсатқа қол жеткізу амалдарының бірі ғана болуы мүмкін. Қазір парламентте үш партия – ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқаратын «Нұр Отан» және «Ақ жол» мен Қазақстан коммунистік халық партиясы бар.
Дереккөз: Азаттық