Серік Ахметовтің ісі сотқа берілді
2015 ж. 13 шілде
2171
1
Қарағанды облысының прокуратурасы экс-премьер-министр Серік Ахметовке қатысты қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады. Айыптылар сот алдында жауап береді деп хабарлады Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
«Қарағанды облысының прокуратурасы экс-премьер-министр Серік Ахметовке, облыс экс-әкімі Бауыржан Әбдішевке, Қарағанды қаласының экс-әкімі Мейрам Смағұловқа және басқа да облыс әкімшілігінің лауазымды қызметкерлері мен коммерциялық ұйымдардың қызметкерлеріне (барлығы 21 адам) қатысты қызмет бабын асыра пайдалануға, бюджет қаражатын ұрлауға және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға байланысты айыптау бойынша қозғалған қылмыстық іс материалдарын зерделеуді аяқтады”, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Серік Ахметов аса ірі көлемде пара алғандығы үшін де айыпталып отыр.
2015 жылғы 13 шілдеде жоғарыда аталған адамдарға қатысты қылмыстық іс мәні бойынша қаралуы үшін Қарағанды облысының Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
Айыпталушылар сотқа берілді.
Еске сала кетсек, Серік Ахметов іс материалдарымен танысу барысында оған тағылған айыптардың заңсыздығын алға тартып, тергеуге 10 қарсылығынмәлім еткен еді.
Дереккөз: ИА "Казинформ"