ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ ЕРЕКШЕ ЖЕҢІСІ!

 

Нұрсұлтан Назарбаев    Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында   97,7пайыз  дауыс жинап, зор жеңіске жетті!

NN A 3   Бүгінгі, 2015 жылғы   26 сәуірдегі ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы - Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы халықтың ең белсенді қатысқан және демократиялық, ең әділ сайлау болды!  Оған сайлаушылардың 95,22 пайызы қатысты!  Халықаралық сайлаушылар бірауыздан  бағалағандай, ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Астанада брифингте кезектен тыс президент сайлауының алдын-ала нәтижесін жариялап, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 97,7 пайызы даусын Нұрсұлтан Назарбаевқа бергенін хабарлады.

Сонымен, Елбасымыз - Ұлт көшбасшысы  Нұрсұлтан Назарбаев    Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында   зор жеңіске жетті! Коммунистер ұсынған Тұрғын Сыздықов 1,6 , өзін-өзі ұсынған ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы  Құсайын Әбілғазин  0,7 дауыс жинады. Сайлаудың түпкілікті нәтижесі сайлау туралы заң бойынша дауыс беру өткеннен кейінгі жеті күн ішінде, яғни 3 мамырдан кешіктірілмей жарияланатын болады. Сонымен Қазақ елі тарихи таңдау жасап,  ынтымақтан туған ырыс пен тұрақтылыққа, Мәңгілік Елге қадам басқан   даңғыл  дамуға дауыс берді! qazaquni.kz