"Hermitage Capital Management бас директоры Билл Браудердің айтуынша, Путиннің байлығы $200 млрд-ға бағаланып отыр", - деп жазады басылым сейсенбіде.
Бұл ретте басылым аталмыш қаржының Путинді жер бетіндегі ең бай адам қылатынын атап өтеді.
"Бұл дегеніңіз Путин қазір $79.2 млрд байлығы бар Билл Гейтстен де мықты бай адам болып отыр", - деп жазады басылым.
"Браудер Ресейдегі мектептерге, жолдарға, ауруханаларға және т.б. жұмсалмаған қаражат жылжымайтын мүлікке салынып, Швейцария банкіне аударылған, акцияларға, хедж-қорларға айналдырылған деп айтты", - делінген жарияланымда.
Бұл ретте американдық "Morning News" басылымы Билл Браудердің сөзіне сілтеме жасай отырып, Владимир Путиннің өз жағдайын ел басқарғандағы алғашқы он жылда жасап алғанын айтады.