"Ақ жол" партиясы: Президенттік сайлау ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерге сай келеді
2015 ж. 16 ақпан
2396
0
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы бастама жөніндегі
МӘЛІМДЕМЕСІ
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы 2015 жылы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу идеясына қатысты өзінің ұстанымын білдіруді маңызды деп санайды. Мұндай бастамамен 14 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шыққаны белгілі. Аталған мәселе бүгін партияның Орталық кеңесі Президиумында талқыланды. Бұл идеяның қазірдің өзінде қоғамда оң пікірлер туғызып жатқанын айтқанымыз жөн. Бұған байланысты, «Ақ жол» партиясының мүшелері мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсынысты қолдайтынын мәлімдеуді қажет деп санаймыз. Біз бұл ел тағдырындағы шешуші қадамды ұзақ мерзімді ұлттық мүдделерге сай келеді деп санаймыз. Әлемдік тұрақсыздық, жаhандық экономикалық дағдарыстың қысымы жағдайларында Қазақстанда Президент ұсынған «Нұрлы жол» дағдарысқа қарсы саясатын іске асыруға күш-жігерді жұмылдырудың маңызы зор. Мәселенің құқықтық жағын да атап өту керек, өйткені бұл шара конституциялық өткізу мерзімдері 2016 жылға қатар келіп тұрған президенттік және парламенттік сайлауларды екі бөлек өткізуге мүмкіндік береді. Егер оң шешім қабылданып жатса, мерзімінен бұрын президент сайлауы біздің елімізді дамытуда жағымды рөл атқаратынына сенімдіміз. Ол сыртқы экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерін табысты еңсеруде және әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолын жалғастыруда шешуші шартқа айналатын болады.Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы
Орталық кеңесі Президиумы
16 ақпан 2015 жыл
Qazaquni.kz