Шетелдік қымбат көліктерге құмар мемлекеттік органдар отандық автоөнеркәсіпті қолдауды елемей ме?!.

«Ақ жол»: Жергілікті мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының отандық автоөнеркәсіпті қолдау туралы талабын елемей шетелдік қымбат көліктерді сатып алуда иномарка Жергілікті мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының отандық автоөнеркәсіпті қолдау туралы талабын елемей шетелдік қымбат көліктерді сатып алуда – бұл туралы бүгін Екатерина Никитинская Мәжілістің пленарлық отырысында мәлімдеді. Премьер-министр К.Мәсімовтың атына жолданған фракцияның депутаттық сауалында қымбат иномаркаларды мемлекеттің сатып алудағы көптеген мысалдары туралы әңгіме болады. Депутат журналистердің мемлекеттік сатып алу сайттарынан алынған келесі деректерін келтірді: бүгінгі таңда қымбат көлік алуға 8 тендер жарияланған. Қорғаныс министрлігі құны 11,6 млн. теңге болатын екі қымбат  көлік, ОҚО мәслихаты 12,8 млн. теңгеге – қара металлик, двигателі 3 778 куб.см, қуаты 290 а.к. болатын өкiлдiк сыныбындағы автомашина алуды жоспарлап отыр. Машина 7,3 секундта «сағатына қарқыны 100 км-ға дейін» және жоғары жылдамдығы сағатына 240 километр болуы тиіс. ОҚО және Алматы облысы әкімдігі аппаратының сұранысы қарапайымдау. 30 мамырда жарияланған тендерге сәйкес, ОҚО жалпы сомасы 43,5 млн. теңгеге, бір машинаның құны 8,7 млн. теңгеден аспауы керек, Алматы облысының әкімдігі 8 млн. теңгеден, жолсызбен жүретін тек екі машинаға сұраныс береді. Целиноград ауданы әкімінің аппараты 11,1 млн. теңгеге, қорабы Т-Тronic бес сатылы берілісімен, кем дегенде алты қауіпсіздік жастығымен, ABS, SRS, ГУР, ПЭП, шұғыл тоқтату күшейткішімен, ішкі көрінісі сәндік «ағаш түстес» қондырмамен әрленген, ішкі ауаны-бақылаушысымен, еңістің бұрышы бойынша реттейтін тұтқамен және кішіатқарымды тұтқасымен  өкiлдiк сыныбындағы автомашина сатып алуды жоспарлайды. Ең ірі лотты Алматы Шаруашылық басқармасы 160 млн.теңге сомасына енгізді – алынатын машинаның құны 7 ден 15 млн. теңгеге дейін құрайды. Атырау облысында 150 млн. теңгеге қымбат машиналарды сатып алады. «Жарияланған құндық және техникалық сипаттарына қарағанда, бізбен аталған тендерлердің барлығы, мысалы, Мерседес және т.б. сол сияқты шетелдік автокөліктерді сатып алуға бағдарланған. Яғни, қазақстандық өндірушілер алдын ала тендерден алынып тасталады», - деп атап өтті Е.Никитинская. Ағымдағы жылы «Азия авто» зауыты мемлекеттік тапсырыстардың көлемінің қысқаруына байланысты жоспарлы өндіріс көрсеткіштерінің жылына 60 мың шығару мүмкіндігін 28 мыңға дейін қысқартуға мәжбүр болды, - деп айтылады сауалда. – Бұл да – мемлекеттік органдардың Мемлекет басшысының талаптарын елемеудің нәтижесі». «Ал бізде көптен бері премиум сыныпты өзіміздің машиналар шығарылады. «Аллюр Авто» және «Азия Авто» өнімдері беделді шетелдік автомобиль жасау өнеркәсібі қауымдастықтарымен танылған», - деп көрсетіледі сауалда. «Ақжолдықтар» Мемлекет басшысының бюджетті үнемдеу мақсатында шетелдік қымбат көліктерді сатып алуға тыйым салғаны жөніндегі хаттамалық тапсырмалары туралы еске салады. Шетелде жасалған және отандық өндірушілер емес, шетелдік автоөндіріс қолдайтын беделді автомашинада жүргілері келетін  шенеуніктерге оларды өз қаражаттарына сатып алуға кеңес берген болатын. Депутаттар салық төлеушілердің есебінен қымбат машина сатып алу  - бұл жол бергісіз шашып-төгудің белгісі деп санайды және өңірлік деңгейде қызметтік автомашина сатып алу бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың негізділігін тексеруді талап етеді. «Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру бойынша жұмыстарын жалғастыра береді.

Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі

www.qazaquni.kz