Жетім балаларымыз шетел асып жатыр...
2014 ж. 21 ақпан
3358
1
Бас прокуратура елімізде жетім қалған балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтардың бірыңғай мәліметтер жүйесін құруды ұсынып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бас прокуратураның бірінші департаменті басшысы Қанат Сейітғапаровқа сілтеме жасап.
Оның айтуынша, аталған жүйені құру арқылы елімізде балаларды асырап алу жұмысын ашық жүргізуге болады. "Оған барлық аймақтардан тек жетім балалар туралы мәліметтер ғана емес, оларды асырап аламын деген үміткер азаматтар жайлы ақпарат автоматты түрде түсетін еді. Осының арқасында баланы таңдауға қамқоршылық органдарының субъективті араласуына тосқауыл қойылады", - деді бас прокуратураның бүгінгі кеңейтілген алқа мәжілісінде Қ.Сейітғапаров. Департамент басшысы атап көрсеткендей, бүгінде қамқоршылық органдары жетім балаларға жалған диагноз жазып, шетелдік азаматтарға асырап алуға кезексіз беріп жатады. Ондай жағдайлар Шымкент пен Астанада, Атырау, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында анықталған болатын. Бұдан басқа, балаларды тіркеу мерзімі сақталмайды. Мәселен, қазіргі ережеге сәйкес, шетелдік азаматтар үшін тек 6 айға толған балаларды ғана асырап алуға болады. Алайда ол ереже де орындалмай отыр.tengrinews.kz