ҚХР төрағасы: Қытай Қазақстанның ішкі істеріне киліккендерге қарсы тұрады
2024 ж. 02 шілде
986
0
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин алдағы мемлекеттік сапар алдында Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарына арнап жазған авторлық мақаласында ресми Бейжіңнің Астанаға қатысты саясатының негізгі ұстындарын атады.
«Қытай даналығы досқа айтқан әр сөздің үдесінен шығу керектігін өсиет етеді. Қазақстандық достарымызбен әрі қарай да шынайылық пен сенімге негізделген қарым-қатынасты орната береміз. Стратегиялық тұрғыда үйлескен өзара саяси сенімді тереңдетіп, бір-біріміздің түпкілікті мүддеміз бен негізгі алаңдататын мәселелерде өзара қолдауды арттыра береміз. Қытай тарапы Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғауға, өз бетімен таңдап алған даму жолын ұстануға, мемлекеттің гүлденуіне қажетті ішкі және сыртқы саясатын іске асыруға бағытталған күш жігерін қолдаудан айнымайды, Қазақстанның ішкі істеріне киліксе, кімге болса да қарсы тұрады. Өзара сыйластық, тату көршілік, өзара көмек және өзара тиімділік сияқты төрт маңызды қағидатты дамытып, арттыру екіжақты қарым-қатынастың орнықты динамикасын сақтауға негізделген», - деп жазады Қытай басшысы.
Оның пайымынша, Қытай мен Қазақстан экономикасы құрылымы жағынан бір-бірін толықтырып тұр.
«Бір белдеу және бір жол» бастамасы мен Әділетті Қазақстан экономикалық бағдарын ұштастырып іске асыруға бірлесіп күш саламыз. Қазақстандық тауарлардың алпауыт қытай нарығына жолын кеңейтіп, Қытай дамуының мүмкіндіктерін бірлесіп пайдаланамыз», - деді Си Цзиньпин.