Мәслихаттар мәртебесін арттыру мәселесі талқыланды
2024 ж. 12 сәуір
3468
0
Қазыбек Исаның депутаттық сауалын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті
2024 жылы 10 сәуірде «Ақ жол» партиясы Алматы қалалық филиалының кеңсесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде «Ақ жол» фракциясының депутаты Қазыбек Исаның 2024 жылғы 3 сәуірде айтылған “Мәслихат депутаттарының рөлі мен мәртебесін күшейту туралы” депутаттық сауалын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.
Бұл пікірсайыс алаңына «Ақ жол» партиясынан Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дулат Тастекей, партияның Алматы қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Рахат Алтай және қаладағы саяси партиялар филиалдарының өкілдері қатысты.
Мәслихат депутаты Дулат Тұрсынұлы Алматы қаласы Жетісу ауданындағы депутаттық қызметі туралы айтты. Депутаттың айтуынша, ауданды екі мәслихат депутаттары үйлестіреді, бұл 300 мыңнан астам тұрғын тұратын аудан үшін өте аз.
Сондай-ақ бұл идеяны Алматы қалалық филиалы төрағасының кеңесшісі Рахат Алтай да қолдады: - “Мемлекетіміздегі өзекті мәселелердің бірі сайлаушылардың сайлауға қатыспауы.Әсресе Алматы Астана Шымкент қалаларында .Осы қалаларға қарасты аудандық маслихаттар құрылса сайлаушылардың белсендліктері артар еді.Алматы қаласына қарасты 8 аудандардың маслихаттарына 20 депутаттан сайланса көптеген мәселерді шешумен шұғылдануға мүмкіндіктері болады.”
Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның “Мәслихат депутаттарының рөлі мен мәртебесін күшейту туралы” сауалы Республика бойынша үлкен қолдауға ие болды және қызу талқыға түсті.
Қазақ үні