Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды
2023 ж. 23 қазан
3092
0
Астана қалалық тергеу соты Марат Бекетаевты екі айға қамауға алу шарасын санкциялады, деп хабарлайды Kazinform соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады» делінген мәліметте.
Еске сала кетейік, бүгін Антикор Марат Бекетаевтың ұсталғанын растаған болатын.
21 қазан күні бұрынғы әділет министрінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған еді.