Мемлекеттік күзет қызметі енді Назарбаевтың қауіпсіздігіне жауап бермейді – Жарлық
2023 ж. 25 шілде
1489
1
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Мемлекеттік күзет қызметі жөніндегі ережені бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жаңа өзгеріске сай, Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталды.
«Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген жаңа редакцияда.
Жарлық алғаш ресми жарияланғаннан 10 күн өтіп барып, 3 тамызда күшіне енеді.
Бұған дейін МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталуы мүмкін екендігі хабарланған еді.