Алексей Цой Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды
2021 ж. 20 желтоқсан
1545
0
Мемлекет басшысының Жарлығымен Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, А. Цой 2020 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалды.
Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға белсенді жұмыс істегені, әсіресе Қазақстанда коронавирус індетінің таралуына қарсы күресте атқарған еңбегі үшін алғыс білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысының Баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.