"Қазақстандықтар өз мемлекеттік тілінде сөйлегісі келеді" - Азат Перуашев Ресейлік БАҚ-қа жауап берді

"Қазақстандықтар өз мемлекеттік тілінде сөйлегісі келеді" - Азат Перуашев Ресейлік БАҚ-қа жауап берді

Ресейлік БАҚ Қазақстандағы орыс тілі мәселесін сан саққа жүгіртіп, түрліше құбылтып қозғауды әлі жалғастырып келеді.

Осы секілді Газета.ру басылымында («Русские здесь не дышат» - мұндай тақырыпқа не дейсіз?) “Ақ жол” Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сұхбатының негізінде жазған мақала жарияланды

Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Газета.Ру басылымы қазақ депутаты сөзінің кейбір тұстарын ресейлік сарапшылардың даулы көзқарастарымен түрлендіріп жібергеніне байланысты  Мәжіліс депутаты Азат Тұрлыбекұлы аталмыш мәселеге қатысты пікір білдірді (https://m.gazeta.ru/politics/2021/11/20).

- Ресейлік авторлардың ЕАЭО, ШЫҰ мен ҰҚКҰ (ОДКБ) бойынша әріптес болып табылатын ең жақын көрші мемлекетке, Ресей секілді одақтасы көптеген өзге мемлекеттермен санкциялық күрделі жағдайда тұрған шақта да оны дос әрі серіктес ел деп қабылдайтын мемлекетке қарсы мұндай арандатушылық әрекеттері тек кері әсер тудырады деп санаймын, - деп жазды Перуашев телеграм каналында.  

Оның сөзінше, дәл сол мақалада В. Балашов дегеннің Қазақстанды ұлтшылдық үшін емес, «нацизм» (?!) үшін айыптаған пікірі келтірілгені тіпті ақылға қонбайды.

Ал, белгілі қазақстандық зерттеуші-журналист М. Козачковтың Telegram-каналында қарашаның 15-і мен 19-ы аралығында жоғарыда аталған «ресейлік кәсіпкердің» ісі бойынша бес (!) материал жарияланды, онда түрлі ақпаратпен қатар, аудиожазбалар да бар. Аудиода В.Балашов пен оның ресейлік серіктестерінің өзара әңгімесі жазылып, онда кейіннен іске асырылған Қазақстандағы кәсіпорыннан ұрлық жасауды ұйымдастыру схемалары талқыланады. Сол үшін Балашов мырза мен оның жергілікті сыбайласы (айтпақшы, қазақ) сот үкімімен сотталған болатын

(https://t.me/kozachkow/3754

(https://t.me/kozachkow/3754

https://t.me/kozachkow/3755

https://t.me/kozachkow/3756

https://t.me/kozachkow/3757

https://t.me/kozachkow/3781).

- Егер барлық ұрылар мен алаяқтардың оларды жауапқа тартқан мемлекет туралы пікірлерін жинай берсе, менің ойымша, көп жағдайда мұндай пікірлер теріс болады, бұл Ресейдің өзіне де қатысты деп ойлаймын. Бірақ бұл көршілерді жамандау үшін енді қылмыскерлердің пікіріне сүйену керек дегенді білдіре ме? Менің ойымша, тіпті этикалық тұрғыдан алғанда да бұл өте күмәнді әдіс.

Біздің елдеріміз – Қазақстанның да, Ресейдің де алдында күрделі әлеуметтік-экономикалық міндеттер тұр. Сол маңызды жұмыстармен айналысайық, экономика, жұмыссыздық, білім, тұрғын үй, медицина мәселелерін шешейік, азаматтардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруға күш жұмсайық. Ең бастысы, бір-біріміздің ұлттық тәуелсіздігімізді құрметтейік, - деп жазды Мәжіліс депутаты.

Ол сонымен қатар Газета.ру журналисіне, жоғарыда аталған мақалада іріктеліп берілген, өз жауаптарын көпшілікке ұсынды:  

«Қазақстан парламенті маңдайшалар мен нұсқау белгілеріндегі жазуды орыс тілінде қайталаудан бас тартуды түсіндірді

Бірқатар БАҚ ұлтшыл деп атайтын «Ақ жол» қазақстандық партиясының төрағасы Азат Перуашев Gazeta.Ru-ға берген түсініктемесінде Қазақстанда орыс тіліне ешнәрсе қауіп төндірмейді деген пікір білдірді.

«...Ресейдегі орыстар орысша сөйлейді, бұл жерде проблема жоқ қой? Мен Ресейде жеті жыл тұрдым, олардың менімен орысша сөйлесетініне ешқашан ренжіген емеспін. Қазақстандықтар өз тілінде сөйлескісі келеді – бұл қалыпты жағдай, маған сеніңіз. Белгілерге келетін болсақ, бізде қазақтардың үлесі шамамен 80-90 пайызды құрайтын бірқатар аймақтар бар, ал қалғандары да қазақша сөйлеуге тиіс...», – деп түсіндірді ол Мәжіліс логикасын.

Депутат Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғанымен, қазақтар басым болғандықтан, мемлекеттік тілді насихаттау маңызды екенін айтты.

«Мен фракция отырыстарын мемлекеттік тілде өткізуге тырысамын. Және бізде мемлекеттік тілді мемлекеттік айналымда көбірек қолданудың объективті қажеттілігі бар», - деді ол.

Азат Перуашев Ресей Қазақстанның ішкі ісіне, оның ішінде орыстардың жағдайына қатысты мәселеге араласпауы керек деген пікірін білдірді. Айтпақшы, осыған дейін Кеңес үкіметінің қазақ халқының геноцидін мойындауына байланысты БҰҰ-ға үндеу дайындаған да осы саясаткер болатын.

«Әр ел өз азаматтарының өмірін жақсарту үшін жұмыс істеуі керек. Жақында ғана Ресей президенті Владимир Путин біреуге «Өз ішкі істеріңмен айналысыңдар» деді. Бұл өте жақсы жауап.

Ал Қазақстанның орыстілді азаматтары қажет болса мемлекет алдында өз мәселелерін өздері көтереді. Мен оларға қарсы әрекеттер туралы естіген емеспін, тіпті бұл туралы сұрағаныңызға бір күліп алдым», - деді парламентарий.

Осы орайда Азат Перуашев кез келген халықтың, оның ішінде қазақ елінің де ұлттық мүддесі бар екенін еске салды.