Тоқаев: Моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр
2021 ж. 03 қараша
2390
0
Екібастұз қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен моноқалаларды дамыту мәселелері жөніндегі кеңес өтті, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
"Қазақстанда 89 қала бар. Соның 27-сі немесе 30 пайызы - моноқалалар. Онда 1 миллион 400 мың адам тұрады. Бұл - халқымыздың 8 пайызы. Қазір моноқалалар экономикамызды дамытуға едәуір үлес қосып отыр. Олар өндірістік өнеркәсіп өнімдерінің 40 пайызға жуығын өндіреді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды.
"Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу - аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ", - деді Президент.