Мұхтар Құл-Мұхаммед: “Үкімет отставкаға кетуі керек”
2021 ж. 25 қазан
2597
0
Сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммед журналистерге Үкіметтің жұмысын қалай бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Елді қымбатшылық қысып тұр. Азық-түлік бағасы күннен күнге шарықтап барады. Осыған байланысты журналистер депутаттан Үкіметтің атқарып жұмысын қалай бағалайтынын сұраған еді.
"Биліктің басты міндеті — азық-түлік бағасын төмендету. Бірақ өндірушілер тарапынан әдейі жасалып жатқан әрекет секілді көрінеді. Егер Үкімет қымбатшылықты ауыздықтай алмаса, инфляцияны тоқтата алмаса, оны басқа адамдар атқаруы керек. Мен министрлер кабинетін жұмысын "қанағаттанарлық" деп бағалаймын. Бұл дегеніміз үш деген сөз ғой", — дейді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Бұған дейін Ауыл шараушашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қазақстанда ет бағасы қымбаттауы мүмкін екенін айтқан болатын. Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар тауарлар санатына жататын күнбағыс майы бір жарым есе қамбаттағаны да белгілі болды.