Тоқаев Назарбаевты Ғұламалар кеңесінің басшысы қылуды ұсынды
2021 ж. 12 қазан
1650
0
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Сыртқы істер министрлерінің 6-кездесуінде АӨІСШК Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасы ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Келесі құжат – бұл Ғұламалар кеңесі туралы құжат. Біз оны бүгін қабылдауымыз қажет. Мүше мемлекеттер консультативтік-кеңес органын құруды қолдады және қазірдің өзінде мүшелікке кандидаттарды ұсыну басталып кетті.
Бүгін біз Ғұламалар кеңесі туралы ережені бекітетін боламыз. Бүгін таңертең бізбен кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі құрылтайшысы кандидаттарына Нұрсұлтан Назарбаев мырзаны Ғұламалар кеңесінің басшысы лауазымына тағайындауды ұсынды. Сіздер осы кандидатураны қолдайсыздар деп үміттенемін», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.