Дәурен Абаев: Жириновскийдің Қазақстан туралы сөздерін попкорн ұстап тыңдаған дұрыс
2021 ж. 03 қыркүйек
1765
1
Ресейлік саясаткердің мәлімдемесіне қатысты ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Дәурен Абаев пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.
Открытый диалог 2.0 бағдарламасына қатысып, сұқбат берген Абаевтан студия жүргізушісі Ресейдегі ЛДПР партиясы көшбасшысының соңғы мәлімдемесі туралы ойын сұрады. Жириновский тілдік сауаттылық патрулін саяси "ойынға" айналдырған ресейлік талқы аясында "Қазақстанда өз Талибандары (тыйым салынған ұйым) пісіп-жетілуде" деп шуылдағандарға айтақ қосқан.
- Меніңше, Жириновскийдің Қазақстан туралы көпшілік алдында айтатын мәлімдемелерінің барлығына байыппен қарауды баяғыда доғару керек болған сияқты. Әрине, бұл шоу, ол арада қандай да бір саяси астар жоқ. Сайлау, электорат алдында ұпай жинаудың әрекеті ғой. Ендеше оны мұқият тыңдап, керекті жерін сызып-күзеу үшін емес, қолға попкорн ұстап тыңдаған дұрыс болар, - дейді Дәурен Абаев.
ҚР Президенті Әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары мемлекет саясаты мәселесі бойынша, сондай-ақ ұлтаралық қатынастар мәселесі бойынша Президент тоқетерін айтып, баяғыда бұл тақырыптарды түйіндеп қойғанын баса жеткізді.